Әдеттегі өмір сүру дағдылары мен оны өзгертетін кез келген жағдайда адамдар күйзеліске түседі.Сонымен бірге балалар ересектердің кез келген жағымсыз эмоцияларына өте сезімтал келеді, ал баланың көңіл-күйі тұтастай бізге байланысты және біздің міндетіміз бізге берілген уақытты сындарлы пайдалану.
Біз үнемі балаға, жұмыс жүктемесіне, тұрмыстық мәселелерге және басқаларға көңіл бөле алмайтынымызды айтып шағымданамыз, енді бізде балалармен бірге болудың ерекше мүмкіндігі бар.
Әдеттегі өмір сүру дағдылары мен оны өзгертетін кез келген жағдайда адамдар күйзеліске түседі.Сонымен бірге балалар ересектердің кез келген жағымсыз эмоцияларына өте сезімтал келеді, ал баланың көңіл-күйі тұтастай бізге байланысты және біздің міндетіміз бізге берілген уақытты сындарлы пайдалану.
Біз үнемі балаға, жұмыс жүктемесіне, тұрмыстық мәселелерге және басқаларға көңіл бөле алмайтынымызды айтып шағымданамыз, енді бізде балалармен бірге болудың ерекше мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта 2019 жылы короновирустық ауру (COVID-19) туралы естігендердердің бәрінен таңдану оңай. Егер Сіздің балаңыз алаңдаса, бұл да түсінікті. Балаларға интернеттен не, теледидардан не көргендерін түсіну немесе басқа адамдардан есту қиынға соғуы мүмкін, сондықтан олар мазасыздық, стресс және ашулану сезіміне осал болуы мүмкін.Бірақ балаларыңызбен ашық, қолдаушы әңгіме оларға түсінуге, басқаруға және тіпті басқаларға да пайдасын тигізеді.
Қазіргі уақытта 2019 жылы короновирустық ауру (COVID-19) туралы естігендердердің бәрінен таңдану оңай. Егер Сіздің балаңыз алаңдаса, бұл да түсінікті. Балаларға интернеттен не, теледидардан не көргендерін түсіну немесе басқа адамдардан есту қиынға соғуы мүмкін, сондықтан олар мазасыздық, стресс және ашулану сезіміне осал болуы мүмкін.Бірақ балаларыңызбен ашық, қолдаушы әңгіме оларға түсінуге, басқаруға және тіпті басқаларға да пайдасын тигізеді.
Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).
Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу, жүйке және энегияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?
Бақытымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңудің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдаланыңыз.
БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫ СІЗБЕН СӨЙЛЕСУГЕ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС КЕЗІНДЕ ТҮСІНІКПЕН ҚАРАУҒА ШАҚЫРЫҢЫЗ
Бұл дегеніміз кеңейтілген жауапты көздейтін ашық сұрақтар, мәселелерді әсірелемеу немесе олардан қашқақтамау, сіздің эмоцияларыңыз баланың сезімдеріне сәйкес келуі және әңгімелесу барысында жағымды жаққа, мәселені түсіну жағына қарай өзгеріп отыруы тиіс.
Балалардың нені білетінін және қалай қабылдайтынын біліп алыңыз.
ӘДЕТТЕ БАЛАЛАР ӨЗДЕРІНІҢ СЕЗІМДЕРІН ТУСІНУ МЕН ҚОЛДАУ ОРТАСЫНДА БІЛДІРГЕН ЖАҒДАЙДА ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Әрбір баланың өз эмоциялары мен қиындықтарын білдіруінің өзіндік тәсілі болады. Көбінесе балалар сезімдерін ойын, сурет салу арқылы білдіреді, балаларға ашу, қорқыныш немесе қайғыру секілді үрейлі сезімдерді білдірудің ашық тәсілдерін табуға көмектесіңіз.
БАЛАҒА ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ
Дағдарыс кезінде реакцияларыңызға міндетті түрде бақылау жасау қажет, балалар ересектердің эмоциялары мен эмоциялық көріністерін өте жіті бақылайды. Ересектер балалармен шынайы жанға жайлы байланыстарды орнатып, оларды қалай жақсы көретінін, бағалайтынын, мақтан тұтатынын үнемі айтып отыру керек. Олардың қауіпсіздікте екенін әрдайым көрсетіп отыру қажет.
ОЙЫНДАР МЕН ДЕМАЛУ ҮШІН ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАУ
Балалармен бірге ойындар ойнаңыз, баланың қандай ойындарды таңдайтынына назар аударыңыз, оны ойынның жағымды сәттеріне бағыттаңыз және т.б.
МҮМКІН БОЛСА, ӨМІРДІҢ ҮЙРЕНШІКТІ ҚАЛПЫН САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЖАҢА ЖАҒДАЙДА ЖАҢА ӨМІР САЛТЫН ҚҰРУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ
Үйреншікті өмір сүру салты негізгі өмірлік физиологиялық қажеттіліктер бойынша ұстануы тиіс: ұйқы, тамақтану және т.б.
Өмір ағымындағы өзгерістер туралы, өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігі жөнінде қарапайым түрде түсіндірілуі тиіс, балалардың көзінше орын алып жатқан жағдайлар туралы жалған сөздер мен қауесеттерден аулақ болыңыз.
Дегенмен, сіз баяндайтын ақпарат шынайы болуы тиіс, баланың жасына сәйкес келетін тілде сөйлеңіз, олардың әрекетін бақылаңыз, олардың неге мазасызданатынына көңіл бөліңіз.
Егер сіз оларадың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз. Мұны жауаптарды бірге табудың мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз. Интернеттегі кейбір ақпараттың сенімді еместігін, ең дұрысы сарапшыларға немесе ресми ресурстарға сенім арту керектігін түсіндіріңіз.
ӘР ТҮРЛІ ЖАҒЫМДЫ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСІҢІЗ
Адамдардың қайырымдылық пен жомарттықты көрсете отырып, бір-біріне көмектесетінін білу балалар үшін маңызды.
Ауру өршуін тоқтату және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқан денсаулық сақтау қызметкерлері, ғалымдар және жастар туралы оқиғалармен бөлісіңіз. Жанашыр адамдардың іс - шараларды қолға алып жатқанын білу үлкен жұбаныш болады.
ӨЗІҢІЗГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ
Сіз өзіңізге қамқор бола білсеңіз, балаларыңызға жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарды қалай қабылдап жатқаныңызды өздері-ақ түсінеді, сіздің сабыр сақтап, жағдайды бақылауға алуыңыз оларға көмектеседі.
Егер сіз мазасыздық сезінсеңіз немесе көңіліңіз құлазыса, өзіңіз үшін уақыт тауып, отбасының басқа мүшелерінің, достарыңыздың және сіздің айналаңыздағы сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Демалып, күш-қуатты қалпына келтіру үшін уақыт табыңыз.
1. Балаңызбен сөйлесу үшін тыныш жер табыңыз
2. Баланың не білетінін сұраңыз. Кішкентай балалармен сөйлескен кезде, әңгімеге ойыншықтар немесе суреттер қосуға болады
3. Өте ашық, бірақ сонымен бірге аурудың немесе адамдардың қайтыс болуының белгілері туралы егжей-тегжейсіз қарапайым әңгіме құру (өлім тақырыбы бөлек әңгіме)
4. Егер Сіз баланың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз.
5. Егер ол өз тәжрибесімен бөліссе, баланы тыңдай және қолдай біліңіз
- сөйлесу кезінде алаңдамаңыз, баланың көзіне қараңыз, оны тыңдап отырғаныңызды ыммен, дауыспен, мимикамен көрсетіңіз;
- ыммен, дауыспен, мимикамен көрсетіңіз;
- тіпті егер ол бір жерде болуы қиын болса да, баланың жанында болыңыз;
- егер сіз баланың сөздерін түсінбесеңіз, түсінгендей кейіп танытпаңыз, нақтылау сұрақтарын қойыңыз;
-бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз , тәлім бермеңіз;
- егер бала қорқатын болса немесе сіздің сөзіңізге мән бермесе, баланы сынамаңыз немесе оған ұрыспаңыз;
6. Карантин кезінде өзін қалай ұстау керектігін және ол не үшін керектігін хабарлау. Интернеттегі сенімді дерек көздерден бейнероликтерді немесе суреттерді қолдануға болады (қолды қалай жуу керек, жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызыңды неге жабу керек)
7. Өзін үлгі ете отырып немесе бала үшін беделді болып табылатын адамды, бәлкім ертегі кейіпкерін мысал ретінде келтіре отырып, өзін және денсаулығын қалай күту керектігін көрсету.
8. балаға әрдайым бар екеніңізді және олар кез-келген сұрақтарымен келе алатынын білдіртіңіз;
Есіңізде болсын. Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.
және біздің соған жауаптар
Кішкентай балалармен короновирус туралы қалай сөйлесу керек?
Баланың не білетінін анықтаңыз. Баланың жасын ескере отырып жауап беріңіз. Кейбір балалар сөйлесе отырып уақыт өткізгенді қалайды. Балаларыңыз қызықпаса немесе тым көп сұрақтар қоймаса, бұл да қалыпты жағдай.
3-тен 7 жасқа дейінгі балаларға пайдалы суреттерді көрсетуге болады. Балаларға суреттер арқылы ақпаратты жеткізу оңай (https://www.mindheart.co/descargables).
Карантин кезінде балалармен және отбасының басқа мгүшелерімен қандай қарым-қатынасты орнату қажет?
Балаларға қамқор болыңыз, оларға көмектің қашан қажет екенін түсіну үшін байланыстарды нығайтыңыз. Балаларға жақсы үлгі көрсетіңіз, мазасыздықтан қалай арылуға болатынын, бос уақытта немен айналысуды қалай таңдау керектігін көрсетіңіз (бірге сурет салыңыз, кітап оқыңыз, ойнаңыз, жақсы фильмдерді қараңыз, ас дайындаңыз және т.б.).
Балалар мен жасөспірімдер өздерінен гөрі отбасылары және достары жайлы көбірек уайымдайды. Мысалы, балалар қарт адамдардың ауырып қалуы мүмкін екенін естісе, өз аталары мен әжелері туралы уайымға салынады. Жасы үлкен туысқандарға қоңырау шалуға немесе скайп бойынша қоңырау соғуға мүмкіндік бере отырып, олар жақындарының жақсы екеніне сенімді бола алады. Балалар үшін қызықты басқа тақырыптарға ден қойыңыз.
Мен жиі күйгелектеніп, балаға айқайлаймын, не істегенім дұрыс?
Бастысы, сабыр сақтаңыз! Сіздің рухани күйіңіз — бала үшін қолдау.
Басқа нәрсеге көңіл бөліңіз, демалыңыз. Жағымды нәрселермен айналысқан пайдалы (душ қабылдау, жылы шәй ішу, қарапайым дене жаттығуларын орындау, физикалық жүктемемен күрделі емес жұмыстарды жасау, мәселен, шкафтағы сөрелерді жинастыру, кітаптарды реттеу және т.б.). Шығармашылық көп адамдарға көмектеседі. Жан тыныштығын ұялататын немесе күйзелістен арылтатын сүйікті әнді тыңдаңыз. Билеңіз, сурет салыңыз, сүйікті әндеріңізді айтыңыз және т.б.
Күшті эмоцияларды еңсере алмасаңыз, арнайы маманның көмегіне жүгініңіз (онлайн).
Оқшаулау кезінде жасөспірімді неге қызықтыруға болады?
Баланың күн тәртібін ұйымдастыру керек. Күні бойына үлгі көрсетіп, дене жаттығуларын орындаңыз (таңертеңгі жаттығу, күндізгі жаттығу). Жасөспірімнің бір уақытта ұйқыдан тұрып, ұйқыға жатуын қадағалаңыз (әсіресе мектеп сабақтары кезінде). Үш рет тамақтану (компьютер алдында емес, әрбір отбасындағыдай асханада немесе ас бөлмесінде).
Баламен сөйлесіп, оқуға уақыт бөліңіз (қашықтықтан оқу сабақтарына және үй тапсырмасын орындауға қанша уақыт жұмсалатынын есептеу қажет). Баланың бос уақытта немен айналысқысы келетінін нақтылаңыз, бәлкім оның қандай да бір қызығушылығы немесе әуестігі бар шығар. Ұйымдастыру мүмкіндігін табыңыз. Балаға қызықты кітаптар мен фильмдерді, бағдарламаларды (жасына қарай) ұсынуға болады. Кешке уақыт таңдап, күннің қалай өткенін, баланың күні қалай өткенін, не жаңашылдық, пайдалы, қызықты және т.б. не бар екенін талқылау керек.
Достармен онлайн қарым-қатынастарды орнату. Жасөспірімдер үшін өз құрдастарымен қатынастарды орнату өте маңызды. Фильмдер көру, кітаптар оқу, пайдалы бейнежазбалар. Үстел ойындары, жасы бойынша сәйкес келетін кино немесе сериалдарды бірлесе қарау. Бастысы – балаларыңыздан сұраңыз. Жасөспірімдер өздері үшін не қызықты екенін өздері айтады!
Карантин кезінде ата-аналардың балалармен бірлескен жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?
Отбасының барлық мүшелері үшін интернетте және теледидар алдында отыру уақытын шектеңіз. Балалар үшін үлгі болыңыз. Үйреншікті өмір сүру салтын ұстаныңыз. Жақын адамдармен сезімдеріңізді бөлісіңіз (сөйлесу, тыңдау, басқа қалаларда өмір сүретін туысқандарға хат жазу, достармен онлайн түрде қарым-қатынасқа түсу және т.б. керек). Асты өз уақытында қабылдаңыз.
Парақша авторлары: Жанна Сафиуллина, Жұлдызай Әлиева, Ирина Юсупова, Ақмарал Шарипова, Николай Негай
Дайындықта қолданылған материалдар:
1. " COVID -19 таралу жағдайындағы психикалық денсаулық және психоәлеуметтік аспектілер" алдын ала брифі. Төтенше жағдай кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау жөніндегі ведомствоаралық тұрақты комитеттің жұмыс тобы 1.5 нұсқа
2.Джейкоб Хант, ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы.
Психолог
Негізгі білімі:
Жұмыс өтілі: 10 жыл
Кеңес беру тілі: қазақ, орыс
Психиатр
Негізгі білімі: Казахский Национальный Медицинский Университет» им. С.Д Асфендиярова
Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби
Жұмыс өтілі: 13 лет
Кеңес беру тілі: орыс
Психолог, магистр
Негізгі білімі: Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби
Жұмыс өтілі: 21 лет
Кеңес беру тілі: қазақ
Психолог, кандидат психологических наук, доцент
Негізгі білімі: Казахский Государственный национальный университет им. Аль-Фараби
Жұмыс өтілі: 21 лет
Кеңес беру тілі: қазақ
Психолог
Негізгі білімі: Карагандинский Государственный Университет
Жұмыс өтілі: 12 лет
Кеңес беру тілі: қазақ, орыс
Психолог здравоохранения
Негізгі білімі: Казахский национальный педагогический университет им. Абая
Жұмыс өтілі: 13 лет
Кеңес беру тілі: орыс
Психолог, кандидат психологических наук, обладатель международной стипендии Болашак
Негізгі білімі: Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Жұмыс өтілі: 22 лет
Кеңес беру тілі: қазақ, орыс
Клинический психолог, детско-подростковый психолог
Негізгі білімі: Казахский Государственный национальный
университет им. аль-Фараби
Жұмыс өтілі: 27 лет
Кеңес беру тілі: орыс
Психолог
Негізгі білімі: Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Жұмыс өтілі: 22 лет
Кеңес беру тілі: орыс
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся
И мы с вами свяжемся