Балалар мен жасөспірімдерде короновирустық инфекцияның COVID – 19 таралуы жағдайында психологиялық қолайсыздықты болдырмауға арналған әмбебап стратегия

Әдеттегі өмір сүру дағдылары мен оны өзгертетін кез келген жағдайда адамдар күйзеліске түседі.Сонымен бірге балалар ересектердің кез келген жағымсыз эмоцияларына өте сезімтал келеді, ал баланың көңіл-күйі тұтастай бізге байланысты және біздің міндетіміз бізге берілген уақытты сындарлы пайдалану.
Біз үнемі балаға, жұмыс жүктемесіне, тұрмыстық мәселелерге және басқаларға көңіл бөле алмайтынымызды айтып шағымданамыз, енді бізде балалармен бірге болудың ерекше мүмкіндігі бар.

Жалпыға бірдей ұсыныстар

Қазіргі уақытта 2019 жылы короновирустық ауру (COVID-19) туралы естігендердердің бәрінен таңдану оңай. Егер Сіздің балаңыз алаңдаса, бұл да түсінікті. Балаларға интернеттен не, теледидардан не көргендерін түсіну немесе басқа адамдардан есту қиынға соғуы мүмкін, сондықтан олар мазасыздық, стресс және ашулану сезіміне осал болуы мүмкін.Бірақ балаларыңызбен ашық, қолдаушы әңгіме оларға түсінуге, басқаруға және тіпті басқаларға да пайдасын тигізеді.

Стрессті басқару әдістері мен тәсілдері

Мүмкін қиын жағдайға байланысты, Сіз стресстен туындаған физикалық белгілерге тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауру, асқазан бұзылысы, бұлшықет кернеуі, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).
Немесе Сіз өзіңіздегі тітіркену, ашу, жүйке және энегияның жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?
Бақытымызға орай, таңқаларлықтай тез жұмыс істейтін стрессті жеңудің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдаланыңыз.

ӨЗІҢІЗГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ

Сіз өзіңізге қамқор бола білсеңіз, балаларыңызға жақсырақ көмектесе аласыз. Балалар сіздің жаңалықтарды қалай қабылдап жатқаныңызды өздері-ақ түсінеді, сіздің сабыр сақтап, жағдайды бақылауға алуыңыз оларға көмектеседі.
Егер сіз мазасыздық сезінсеңіз немесе көңіліңіз құлазыса, өзіңіз үшін уақыт тауып, отбасының басқа мүшелерінің, достарыңыздың және сіздің айналаңыздағы сенімді адамдардың көмегіне жүгініңіз. Демалып, күш-қуатты қалпына келтіру үшін уақыт табыңыз.

Балалармен сөйлесу тәртібі

1. Балаңызбен сөйлесу үшін тыныш жер табыңыз
2. Баланың не білетінін сұраңыз. Кішкентай балалармен сөйлескен кезде, әңгімеге ойыншықтар немесе суреттер қосуға болады
3. Өте ашық, бірақ сонымен бірге аурудың немесе адамдардың қайтыс болуының белгілері туралы егжей-тегжейсіз қарапайым әңгіме құру (өлім тақырыбы бөлек әңгіме)
4. Егер Сіз баланың сұрақтарына жауап бере алмасаңыз, ойдан құрастырмаңыз.
5. Егер ол өз тәжрибесімен бөліссе, баланы тыңдай және қолдай біліңіз
- сөйлесу кезінде алаңдамаңыз, баланың көзіне қараңыз, оны тыңдап отырғаныңызды ыммен, дауыспен, мимикамен көрсетіңіз;
- ыммен, дауыспен, мимикамен көрсетіңіз;
- тіпті егер ол бір жерде болуы қиын болса да, баланың жанында болыңыз;
- егер сіз баланың сөздерін түсінбесеңіз, түсінгендей кейіп танытпаңыз, нақтылау сұрақтарын қойыңыз;
-бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз , тәлім бермеңіз;
- егер бала қорқатын болса немесе сіздің сөзіңізге мән бермесе, баланы сынамаңыз немесе оған ұрыспаңыз;
6. Карантин кезінде өзін қалай ұстау керектігін және ол не үшін керектігін хабарлау. Интернеттегі сенімді дерек көздерден бейнероликтерді немесе суреттерді қолдануға болады (қолды қалай жуу керек, жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызыңды неге жабу керек)
7. Өзін үлгі ете отырып немесе бала үшін беделді болып табылатын адамды, бәлкім ертегі кейіпкерін мысал ретінде келтіре отырып, өзін және денсаулығын қалай күту керектігін көрсету.
8. балаға әрдайым бар екеніңізді және олар кез-келген сұрақтарымен келе алатынын білдіртіңіз;

Есіңізде болсын. Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, күйзеліс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздықтың дәріге тәуелділіктің, маскүнемдіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жиі қойылатын сұрақтар

және біздің соған жауаптар

Парақша авторлары: Жанна Сафиуллина, Жұлдызай Әлиева, Ирина Юсупова, Ақмарал Шарипова, Николай Негай

Дайындықта қолданылған материалдар:
1. " COVID -19 таралу жағдайындағы психикалық денсаулық және психоәлеуметтік аспектілер" алдын ала брифі. Төтенше жағдай кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау жөніндегі ведомствоаралық тұрақты комитеттің жұмыс тобы 1.5 нұсқа

2.Джейкоб Хант, ЮНИСЕФ-тің қоғаммен байланыс жөніндегі маманы.

Онлайн мамандар

Абилхайрова Айнур Несепбаевна

Психолог

Негізгі білімі:

Жұмыс өтілі10 жыл

Кеңес беру тілі:  қазақ, орыс

Абишев Азат
Ерланович

Психиатр

Негізгі білімі: Казахский Национальный Медицинский Университет» им. С.Д Асфендиярова
Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби

Жұмыс өтілі: 13 лет

Кеңес беру тілі:  орыс

Алиева Жулдызай Муратбековна

Психолог, магистр

Негізгі білімі: Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби

Жұмыс өтілі21 лет

Кеңес беру тілі:  қазақ

Еркінбекова Мейірім Анарбекқызы

Психолог, кандидат психологических наук, доцент

Негізгі білімі: Казахский Государственный национальный университет им. Аль-Фараби

Жұмыс өтілі21 лет

Кеңес беру тілі:  қазақ

Жумашева Ботагоз Тютекуловна

Психолог

Негізгі білімі: Карагандинский Государственный Университет

Жұмыс өтілі 12 лет

Кеңес беру тілі:  қазақ, орыс

Казанцева Алена
Викторовна

Психолог здравоохранения

Негізгі білімі: Казахский национальный педагогический университет им. Абая

Жұмыс өтілі: 13 лет

Кеңес беру тілі:  орыс

Кудайбергенова Сандугаш Кансаровна

Психолог, кандидат психологических наук, обладатель международной стипендии Болашак

Негізгі білімі: Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Жұмыс өтілі: 22 лет

Кеңес беру тілі:  қазақ, орыс

Сафиуллина Жанна Александровна

Клинический психолог, детско-подростковый психолог

Негізгі білімі: Казахский Государственный национальный
университет им. аль-Фараби

Жұмыс өтілі27 лет

Кеңес беру тілі:  орыс

Турниязова Жанар Куанышевна

Психолог 

Негізгі білімі: Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Жұмыс өтілі: 22 лет

Кеңес беру тілі: орыс

Алматы 2020ж.

Наверх