COVID-19 инфекциясының таралуы жағдайында мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолдау көрсету

Бүгінде карантинді кеңінен енгізу кезінде мүмкіндіктері шектеулі жандар физикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге психологиялық жағынан да осал болады.
COVID-19 инфекциясының таралуы жағдайында аурудың туындау қаупін азайту үшін қажет медициналық көмек пен қажетті ақпарат алу кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдар мен олардың қамқоршылары кедергілерге кездеседі.

Жалпыға бірдей ұсыныстар

Мүмкіндіктері шектеулі жандар мен олардың қамқоршыларына қажет ақпараттар:

1.мүмкіндігі шектеулі жандарға маңызды ақпаратты алу үшін қолжетімді және сенімді жаңалықтар арналары, веб-сайттар мен ақпараттық бюллетеньдер туралы;

2. медициналық көмек көрсететін емдеу-сауықтыру ұйымдары туралы;

3. Мүмкіндіктері шектеулі жандарды тұрақты қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жоспар әзірлеп, қажет болған жағдайда күтім жасаушы қамқоршылар карантинге жатқызылуы тиіс.

4. Мүмкіндіктері шектеулі жандарға қызмет көрсету үшін еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелерін тарту туралы.

Стрессті басқару әдістері мен тәсілдері

Сіз бүгін қиын жағдайға байланысты, стресстен туындаған физикалық симптомдарға тап болуыңыз мүмкін. Мысалға: шаршау, бас ауруы, асқазан бұзылысы, бұлшықет қысымы, тәбеттің жоғалуы (немесе, керісінше стрессті асыра пайдаланып тамақтану).
Әлде Сіз өзіңіздегі күйгелектену, ашулану, ызалану немесе  күш-қуаттың жетіспеушілігі сияқты психологиялық белгілерді байқайсыз ба?
Бақытымызға орай, тез әрі тиімді жұмыс істейтін стрессті жеңудің қарапайым тәсілдері бар. Оларды қиын жағдайда тыныштық орнату үшін пайдаланыңыз.

1. Егер науқас өзінің ауруы үшін тұрақты  қолдау терапиясын алып жүрген болса, ол тиісті дәрі-дәрмектердің үйде жеткілікті екенін білуі керек.
2. Хабарламалар түсінікті, әрі жеткілікті болуы керек, әсіресе танымдық және психоәлеуметтік бұзылыстар жағдайында.
3. Егер олар мазасыздықты күшейтетін болса, оқиғалар туралы сөйлесуді тоқтату керек.
4.Өз өміріңіздің жағымды сәттеріне ауысыңыз (комедиялар, күлкілі бағдарламалар, жағымды әңгіме). Өміріңіздегі жақсылықтың мөлшерін көбейтіңіз.
5. Оқшаулану кезінде, қашықтықтан байланыс құралын пайдаланып, жақын және қымбат адамдарыңызбен көбірек сөйлесіңіз.
6. «Мен ауырып қаламын» немесе «Мен жұқтырамын», «Мен өліп қаламын» деген ойлар пайда болған кезде, «Мен аяқтадым», мұны өз-өзіммен келісімшарт деп атайды, оны әрқашан осындай ойлар пайда болғанда жасауға болады.
7. Алкогольдік ішімдіктерді ішуге кеңес берілмейді, өйткені алкоголь қан тамырларын тарылтады және осылайша мазасыздықты күшейтеді, сонымен қатар қолдау терапиясы кезінде зиянды әсер етуі мумкін.
8. Сіз жұмысқа кіріскенде, мазасыздық пен алаңдаушылық көңіл –күйдің қалай кететінін байқайсыз. Егер Сіз мазасыздықтың өте жоғары екенін байқасаңыз, қайтадан психологпен онлайн түрде немесе сенім телефоны арқылы байланысыңыз. Сіз жалғыз емес екеніңізді білуіңіз керек, барлық адамзат Сіздермен бірге осы қиындыққа тап болды.

Есіңізде болсын. Егер Сіз ешқандай шара қолданбасаңыз, стресс денсаулыққа, сонымен қатар депрессияға, мазасыздық бұзылыстарына, маскүнемдікке, дәріге тәуелділіктің пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің жауабымыз

Парақша авторлары: Азат Абишев, Алена Казанцева, Эльмира Шайхысламова, Даулет Байпеисов

Дайындықта қолданылған материалдар:
1. " COVID -19 таралу жағдайындағы психикалық денсаулық және психоәлеуметтік аспектілер" алдын ала брифі. Төтенше жағдай кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау жөніндегі ведомствоаралық тұрақты комитеттің жұмыс тобы 1.5 нұсқа

Онлайн мамандар

Абилхайрова Айнур Несепбаевна

Психолог

Негізгі білімі:

Жұмыс өтілі: 10 жыл

Кеңес беру тілі: қазақ, орыс

Абишев Азат
Ерланович

Психиатр

Негізгі білімі: Казахский Национальный Медицинский Университет» им. С.Д Асфендиярова
Казахский Национальный Университет им. аль-Фараби

Жұмыс өтілі:  13 жыл

Кеңес беру тілі: орыс

Исатаева  Асемкуль Сагынаевна

Психолог

Негізгі білімі: Казахстанско-Российский университет

Жұмыс өтілі:  14 жыл

Кеңес беру тіліорыс

Умбеталиева Ұлжалғас Мусабековна

Психолог

Негізгі білімі: ОКМУ им М. Ауезова

Жұмыс өтілі:  13 жыл

Кеңес беру тілі: қазақ

Алматы 2020ж.

Наверх